Жалилов Илахун 1942 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылында туған.
Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Әскеритеңіз флотында қызмет атқарған.
Мұғалім, республикааралық «Коммунизм туғи» газетінде корректор, тілші, бөлім бастығы, Узгостелерадио комитетінің Қазақстан бойынша тілшісі, «Жазушы» баспасында аға редактор болып істеді. Қазір «Сәнъәт» газетінің редакторы.
«Теңіз жаңғырығы» (1973), «Мұхит шақырады» (1978), «Жерге тағзым» (1983), «Ұмтылу» (1986) өлең жинақтары, «Жаңаша жаңғырған әуендер» (1990) деректі повесі жарыққа шықты.