Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Нұрхан Жанаев

Нұрхан Жанаев

Нұрхан Жанаев
Рейтинг:
Өмірбаяны

Жанаев Нұрхан 1933 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария), С.Сейфуллин атындағы кеңшарда туған. 

1955 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарғаннан кейін журналистік салаға ауысып, облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майдандық» газеттерінде қызмет істейді. 

1958 жылдан бастап Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, телевидение, радио салаларында көп жылдар бойы белсенді қызмет атқарды. Қазір зейнеткер.

Алғашқы жырлары «Жас дәурен» (1961) атты жастар жинағына енген. «Жау, жау, жаңбыр» (1963), «Құстар ұшып келеді» (1967), «Жанымның жазирасы» (1972); «Әнші торғай» (1974); «Назқоңыр»(1976); «Дәмді палау»(1978), «Сыбдырлайды жапырақ» (1980), «Ақ көгершін» (1983), «Нұрлы аспан» (1984), «Дождик, дождик, поливай!» 1986), «Өмір өрнектері» (1990), «Қуанышты күн» (1993) жыр жинақтары жарық көрген.

Көп оқылғандар