Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Майра Жансаева

Майра Жансаева

Майра Жансаева
Рейтинг:
Өмірбаяны

Майра Жансаева (1909–1978) - Петропавл қаласында туған. 

1915 жылдан 1918 жылға дейін молдадан оқып хат танып, Петропавл қаласындағы қазақ мектебін 1942 жылы бітіріп шықты. 

1934 жылдан бастап Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болып істей жүріп, өлеңжырлар жазған. Сол кезде жазған өлеңдері облыстық, республикалық газет, журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарияланған. Алғашқы топтамасы «Жастар даусы» атты республика жас ақындарының жинағында (1949) шықты. 

1951 жылы «Ана жүрегінен» атты жеке өлеңдер жинағы жарық көрді.

Татар жазушысы Г.Башировтың «Намыс» атты романын (1952), татар жазушыларының әңгімелерін «Татар әңгімелері» (1954) деген атпен қазақ тілінде жеке кітап етіп шығарды.

Шығармалары: Жастар даусы. Коллективтік жыр жинағы. А., ҚМКӘБ, 1949; Ана жүрегінен. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1951.


Көп оқылғандар