Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Жақсыбай Жантөбетов

Жақсыбай Жантөбетов

Рейтинг: 5.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Жақсыбай Жантөбетов (1888–1958) - Жамбыл облысы, Шу ауданы, «Абай» колхозында туған. 
Ауыл мектебінде оқып, сауат ашқан. Ұлы Отан соғысы жылдары үгітконцерт бригадасына қатысып, тыл еңбеккерлеріне ән, жырымен белсенді қызмет етті. «Колхоз жыры», «Түрксіб», «Екі тап», «Нәзім қыз» дастандарын шығарды. Ақындардың слетіне (1937), айтысқа (1943), Абайдың (1945), Жамбылдың (1938, 1946) мүшелді мерекелеріне қатысты. Қуаныш Баймағанбетовпен, Қуат Терібаевпен айтысты. Қырғыз ақыны Османқұлмен хат арқылы айтысқан. Жергілікті Кеңеске депутат болып сайланды.

Өлеңдері мерзімді баспасөзде, жинақтарда («Ақын жырлары», 1958; «Пернедегі термелер», 1965) жарияланды. 1985 жылы «Өмірімнің өрнегі» атты өлеңдер мен дастандар жинағы «Жазушы» баспасынан шықты.

«Құрмет Белгісі» орденімен (1945), «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1946), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.


Көп оқылғандар