Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сәттіғүл Жанғабылов

Сәттіғүл Жанғабылов

Сәттіғүл Жанғабылов
Рейтинг:
Өмірбаяны

Сәттіғүл Жанғабылов (1876–1966) - Маңқыстау облысы, Маңқыстау ауданында туған. Атырау төңірегінің атақты ақындарын (Абыл, Қашаған, Нұрым, Қалнияз, т.б) ұстаз тұтып, өнеге алған. 1896, 1910 жылдардағы жұтта, 1916 жылғы маусым жарлығында күйзелген елдің ауыр халін, шаруаның мұңын жырлады. «Досан батыр» дастанында Маңқыстау маңындағы халық көтерілісін суреттеді. 1937 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар слетіне, 1939 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанатына, Қазақстан жазушыларының екінші съезіне (1939), 1943, 1957 жылдардағы ақындар айтысына, Абайдың, Жамбылдың 100 жылдық тойларына қатысып, жыр толғады. 

1966 жылы туғанына 90 жыл толу салтанатпен атап өтілді. 

Толғау және айтыс өлеңдері «Ленин» (1928), «Ақын жырлары» (1958), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3т., 1966) жинақтарына енді; «Тоқсан толғау» (1967) атты кітабы жарық көрді.

1961 жылы «Қазақ КСРінің халық ақыны» құрметті атағы берілді. «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Көп оқылғандар