Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қайнекей Жармағанбетов

Қайнекей Жармағанбетов

Қайнекей Жармағанбетов
Рейтинг:
Өмірбаяны

 

Қайнекей Жармағанбетов (1918–1974) - 25 тамызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тіләдебиет факультетін (1941), аспирантурасын (1949) бітірген. Қазақстан Компартиясы ОКнде нұсқаушы, Қазақстан ЛКЖО ОКнде хатшы (1941–1948), Абай атындағы АлМУде аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары (1948–1958), «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара» – «Шмель» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, әдеби кеңесші (1958–1964). 
 
1964 жылдан шығармашылық жұмыста болды.
 
Алғашқы жинағы «Заман біздікі» деген атпен (1950) шықты. Өлеңдері мен балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), «Соңғы күн» (1967), «Сырлы тал»(1971), «Шыңдағы шамшырақ» (1976) атты жинақтарына енді. Әнші Ә. Қашаубаев жайлы «Әнші азамат» повесін (1951), А.М.Горький, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығы туралы монографиялық еңбектер жазды. Прозалық туындылары «Азамат жолы» деген атпен (1983) басылып шықты.
 
И.Шиллер, А.Мицкевич, М.Лермонтов, А.Барто, т.б. өлеңдерін Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұңқартай» ертегісін, И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын аударды.
 
«Құрмет Белгісі» орденімен үш рет және медальдармен марапатталған.
 
 

 

Көп оқылғандар