Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ілия Жақанов
Жақанов Ілия 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, қазіргі Ақтоғай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1959).
1959–1963 жж. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1963–1984 жж. Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметін атқарған.
1984 жылдан шығармашылық жұмыста.
«Қайта оралған ән» (1968), «Қош бол, вальс» (1969) повестері шықты. Қазақтың ұлы қобызшысы Ықылас жайлы «Кертолғау» (1989) романы алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде «Ықылас» (1990) деген атпен жарық көрді. «Екі жирен» (1976), «Бірінші концерт» (1979), «Махаббат вальсі» (1983), «Аққулар қонған айдын көл» (1988) атты деректі әңгімелер, эсселер және новеллалар жинағы, сондайақ «Қарабура» (1977) тарихитанымдық шығармасы, «Сынған қылыш» (1981) атты қырғыз тілінен аударылған (Қасымбеков шығармасы) тарихи романдары шықты. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ», т.б да салсерілер, Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Қ.Мусин, Б.Байқадамовтардың шығармашылық портреттерін сомдаған шығармалары, «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты телесериалдары бар.
«Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990); «Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» (1994); Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері (1997). «Сырлы жүрек пернесі» атты лирикалық эссе кітабы 2008 жылы «Ұшпақ» баспасынан жарық көрді.
Көп оқылғандар
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1597
«Aspan Books» баспасынан қос қаламгердің кітабы жарық көрді
29.04.2025
879
Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
28.04.2025
833
«Тұманды қараша» мен тұманды қараша арасы...
28.04.2025
660
«Достық, бірлік, ынтымақ!» – ұранымыз!
01.05.2025
644
Бекбосынова Арайлым. Әңгімелер
30.04.2025
603
Галлиполи. Абдолла (I бөлім)
30.04.2025
442
Галлиполи. Абдолла (II бөлім)
30.04.2025
404
«Қазына» кітабы және қоғамдық сана
30.04.2025
294
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
3718
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
09.04.2025
2219
Басуға тыйым салынған кітап
24.04.2025
2072
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында
11.04.2025
1903
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
11.04.2025
1868
Тоқсанға келген абыз
09.04.2025
1834
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
23.04.2025
1806
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
24.04.2025
1670
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1597
Қуат БОРАШ. Әпербақан
14.04.2025
1543
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
07.04.2025
1452
Ар безбені (әңгіме)
24.04.2025
1370