Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Аманжан Жақып

Аманжан Жақып

Аманжан Жақып
Рейтинг:
Өмірбаяны

Аманжан Жақып (1935–2006) - 5 қазанда ҚХРдың Бұратала аймағында туған. Өлең, әңгімелері 50жылдардың басында өлкелік газетжурналдарда жарық көре бастайды. 

1954 жылы жаңа шыға бастаған «Шыңжаң әдебиеті және исскуствосы» атты әдеби журналда жарияланған «Мен көрген жындар» әңгімесі Шыңжаң қазақтарының профессионал прозасының төлбасыларының бірі болды.

1955 жылы атамекені – Қазақстанға қоныс аударып, 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Семей облысы, Мақаншы ауданында мектепте мұғалім, газетте тілшілік қызметтер атқарады. Қабанбай ұрпақтарының шежіресі, М.Әуезов туралы көркем естеліктері, Ә.Найманбайұлының өмірі мен өнеріне арналған зерттеулері, өлеңдері, сондайақ саясиәлеуметтік тақырыптағы мақала, көсемсөздері мерзімді баспасөз беттерінде үзбей жарық көрді.
М. Әуезов туралы «Ұстаз» атты естелігі және біраз өлеңдері түрік тіліне аударылған.

2003 жылы Түркия Респубикасының Сивас қаласында өткен IVхалықаралық Түрксой ақындары жүздесуіне қатысты. Ұржар ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. 

Шығармалары: Қыр лебі. Өлеңдер. «Жазушы», А., 1974; Тоғыз тума тарихы. «Өлке», А. 2000; Хан батыр Қабанбай. «Нұрлы әлем», А., 2001; Қаракерей тума тарихы «Үш қиян» 2004, А., Жасырын жазбалар «Фолиант» Астана 2004; Сөз сарайы «Атамұра» А., 2006.

Көп оқылғандар