Сейтақ Айбатыр
Айбатыр Самиғоллаұлы СЕЙТАҚ 1966 жылы 28 ақпанда (құжат бойынша 6 наурыз) Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан Ордасы аулында туған. 1984 жылы М.Горький атындағы (қазіргі Жәңгір хан) орта мектепті, 1989 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының (қазіргі М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті) филология факультетін бітірген. 2006 жылы Орталық-Азия университетін тәмамдап, заңгер мамандығын алды.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінде бастап, 1989-91 жылдары режиссердің ассистенті, облыстық радио редакторы қызметін атқарды. 1991 жылы Қостанай облыстық телерадиокомпаниясының арнайы шақыруымен Қостанай қаласына қоныс аударып, теледидар редакторы (1991-97 жж.) болып жұмыс істеді. 1997 жылы «Сарыарқа» журналы Бас редакторы Н.Ораздың шақыруымен Ақмола қаласына көшіп келіп, аталған журналдың бас редакторының орынбасары (1997-99 жж.) болды. 1998-2000 жж. «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарды.
2000 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратына Баспасөз қызметінің консультанты болып қызметке кірісті. 2012-2016 жж. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
2016 жылдың 18 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде қызмет істейді.
1993 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2001 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1998 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам» клубының алғашқы жетекшісі және ұйымдастырушысы.
Өлең жазуды 7 сыныпта бастаған. 1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген «Жыр-жарыс» бәйгесінің жүлдегері, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтің 70 жылдығына арналған мүшайраның жеңімпазы. 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшайрада үшінші орынды иеленген. 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы Қазақстан Жазушылар одағының ұсынуымен ҚР Президентінің стипендиясына ие болды. «Ғұмырнама» – алғашқы жыр жинағы (1997 ж. «Жазушы» баспасы). Екінші кітабы – «Ай мен ару» («Жазушы» баспасы, 2004 ж.)
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» /2005ж./ және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» /2006ж./, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» /2020ж./, «Ерен еңбегі үшін» /2021ж./ медалдарымен марапатталған. Қоғамдық «Бауыржан Момышұлы» Намыс медалінің иегері.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Архивтегі ашық есік күні
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Тарыдай болып кіресің...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды