Әдия Сексенбаева
Әдия Сексенбаева (1938-2016)
1938 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Шәуешек қаласында өмірге келген. 1955 жылы сәуір айында атамекенге – Семей облысының Ақсуат ауданына оралады. 1957 жылы Көкпекті ауданынан орта мектепті бітіріп, 1963 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Білім және еңбек» журналынан бастап, 1967 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына қызметке ауысқан. Аға әдеби қызметкер болған, ғылым, мәдениет, әдебиет бөлімін басқарған. 1980–1984 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, 1994 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін бөлім меңгерушісі міндетін атқарған.
1969 жылы «Жас керуен» жинағына бір топ өлеңдері енді. 1983 жылы «Шуақ» атты жыр жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Монғол, қарақалпақ, татар, башқұрт, түрікмен, орыс, латын, қырғыз ақын-жазушыларының әңгімелері мен өлеңдерін аударған. Татар жазушысы И.Салаховтың «Емендер тамыр жайғанда» романын аударып, тәржімалаған, 1990 жылы «Жазушы» баспасынан жарыққа шығарды.
1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
