Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мырзатай Серғалиев
Мырзатай Серғалиев 1938 жылы 17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, сонда қазақ тілі кафедрасында ассистенттік қызметке қалдырылған. Одан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы (1968–1971), қазақ тілі (кейін қазақ филологиясы) кафедрасының аға оқытушысы, доценті, профессоры, меңгерушісі, филология факультетінің деканы (1987–1992) болған. 1999–2008 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдан сол кафедраның профессоры.
Мерзімді және әдеби баспасөз беттерінде, сондай-ақ «Уақыт және қаламгер» (1975, 1978, 1982), «Сөз өнері» (1978), «Сөзстан» (1980, 1982), «Жазушы және сөз мәдениеті» (1983), «Мұхтар мұрасы» (1997), «М.Әуезовтің қазақ тілін дамытудағы рөлі» (1998), «М.Әуезов және әлем әдебиеті» (1999), «С.Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман. ІІ том» (Петропавл, 2000), т.б. ұжымдық жинақтарда қазіргі әдеби процеске, көркем әдеби тілге қатысты мақалалары мен баяндамалары жарық көрді.
Я.Камалдың, К.С.Вирхтың, М.А.Зәрәбтің, К.С.Дуггалдың, Б.Балаждың, Ә.Қадыровтың, В.Кожевниковтың, В.Лацистың, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. ҚР «Білім беру ісінің үздігі» (2000), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2005), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).
Шығармалары: Кең өріс. Әдеби-сын мақалалары. А., «Жазушы», 1983; Көркем әдебиет тілі. А., «Мектеп», 1995; Ой өрнегі. А., «Мектеп», 1995; Мұхтар Әуезов және көркем шығарма тілі. А., «Қазақ университеті», 1998; Сөз сарасы (Сын мақалалар). А., «Жазушы», 1989; Өнеге. А., «Жазушы», 1998; Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті. Астана. «Күлтегін», 2003.
Көп оқылғандар
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1621
«Aspan Books» баспасынан қос қаламгердің кітабы жарық көрді
29.04.2025
887
Академик Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
28.04.2025
840
«Тұманды қараша» мен тұманды қараша арасы...
28.04.2025
666
«Достық, бірлік, ынтымақ!» – ұранымыз!
01.05.2025
657
Бекбосынова Арайлым. Әңгімелер
30.04.2025
619
Галлиполи. Абдолла (I бөлім)
30.04.2025
448
Галлиполи. Абдолла (II бөлім)
30.04.2025
413
«Қазына» кітабы және қоғамдық сана
30.04.2025
303
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
3728
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
09.04.2025
2229
Басуға тыйым салынған кітап
24.04.2025
2081
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында
11.04.2025
1909
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
11.04.2025
1876
Тоқсанға келген абыз
09.04.2025
1842
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
23.04.2025
1818
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
24.04.2025
1677
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
29.04.2025
1621
Қуат БОРАШ. Әпербақан
14.04.2025
1553
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
07.04.2025
1461
Ар безбені (әңгіме)
24.04.2025
1376