Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Серік Негимов

Серік Негимов

Серік Негимов 1948 жылы 3 шілдеде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ш.Уәлиханов ауданында дүниеге келген. 
 
 
1972 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. 1972–1992 жж. ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1992–1997 жж. Қазақтың Қыздар мемлекеттік педагогика институтында Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1997– 1999 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің кафедра меңгерушісі, 2000–2005 жылдары ҚазМҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. 2005 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде профессор болып қызмет істейді. 
 
 
Филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1999). 400-дей ғылыми, әдеби-сын мақалалар мен рецензиялар жариялады. Ұлттық поэтика, ақын-жыраулар поэзиясы, қазіргі қазақ лирикасы, өлең құрылысы, риторика саласында еңбектенді. 
 
 
«Өлең өмірі» (1980), «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» (1991), «Өнерпаздық өрнектері» (1996), «Шешендік өнер» (1997), «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика» (2001), «Мәлік Ғабдуллин» (2001), «Қазақтың сал-серілері» (2005), «Әдебиет әлемі» (2008), «Қазақ өлеңдерінің көркемдігі» (2008) сияқты күрделі зерттеулердің авторы. 
 
 
«Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты» (1982), «Жамбыл Жабаев творчествосы» (1989) тәрізді ұжымдық ғылыми еңбектер жазуға қатысқан. Әдебиеттану терминдерінің сөздігін құрастырушылардың бірі. 12 томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясының», 4 томдық «Қазақ ССР Қысқаша энциклопедиясының», «Қазақ әдебиеті», «Абай», «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы», «Шәкәрім» энциклопедияларына жүздеген танымдық мақалалар жазған.

Көп оқылғандар