Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Сұлтан Оразалинов
Сұлтан Оразалинов 1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Аягөз қаласында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Семей облысы, Абай аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін Аягөз аудандық комсомол комитетінде, Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, күнделікті хабарлар бағдарламасының Бас редакторы болып істеген. 1969–1984 жж. Қазақ телевидениесінде Бас редактор, 1984–1986 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, көркем әдебиеті секторының меңгерушісі, 1986–1993 жж. «Өнер баспасында директор, 1993–1995 жж. Қазақстан Республикасы Тіл комитетінің төрағасы, 1995–1997 жж. Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, 1997–1998 жж. Білім және мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, 1998–2000 жж. Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2000–2001 жж. ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бері ҚР Әділет министрлігінің алқа мүшесі, Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және көпшілікпен байланыс департаментінің директоры. Республикалық терминология және ономастикалық комиссия төрағасының бірінші орынбасары (1993–1997), Қазақстан Үкіметі жанындағы мемлекеттік сыйлық беру комиссиясының (1986–1998), Қазақстан Халықтары Ассамблеясы кеңесінің (1994–1998), Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық саясат жөніндегі комиссияның (1993–1998) мүшесі болды. Халықаралық телевизия және радио академиясының (JATR) академигі (2003), Өнертану саласының профессоры (2003).
«Сұхбат», «Халық қазынасы», «Шұғыла», «Қымызхана», «Кездесу», «Айтыс» хабарларын алғаш ұйымдастырып, сценарийлерін жазған, эфирде жүргізген; үш жүзге жуық әдеби сценарийлер мен қырық шақты ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы, орыс және шет ел жазушыларының роман, повестерін қазақшалаған кітаптары жарық көрді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты (1995), Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған (2001). «Парасат» орденінің иегері (2006).
Шығармалары: Шындық және көркемдік шешім. Монография. А., «Жазушы», 1977; Абай елі. Альбом-шежіре, қазақ, орыс, ағылшын тілінде. А., «Өнер», 1995; Тіл тағдыры – ел тағдыры. А., 1997; Жүректің көзі ашылса. Монография, эссе, мақалалар. А., «Өнер», 2001; Авторды қорғау – руханиятты қолдау. А., «Жеті жарғы», 2000.
Көп оқылғандар
Кобо Абэ. Басқыншылар
12.03.2025
1553
Мо Янь. Үрей мен үміт
11.03.2025
1171
Ділдәр Мамырбаева. Мұғалім – робот – Шұғыла
12.03.2025
907
Әлібек Байбол. Тоқаш туралы толғам
11.03.2025
790
Әлихан Бөкейхан. "Дін таласы..."
16.03.2025
354
Көкбөрі Мүбарак. Арманға жылқы жерлеу...
17.02.2025
4797
Алғыс айту күніне ақ тілектер
01.03.2025
3524
Самал Зікірияқызы. Айна
17.02.2025
2236
Серік Сағынтай. "Қарғаның" екінші әңгімесін жазып жатырмын
17.02.2025
2180
Еркебұлан Тіленіш. Тыныштықтың ырғағына тал билеп...
24.02.2025
1927
Күнікейдің жазығы не?
08.03.2025
1895
Қасен Өтебайұлы ақынның өмірі, шығармашылығы
26.02.2025
1840
«Барокко болмыс» пен «Do Diez Minor»
06.03.2025
1563
Кобо Абэ. Басқыншылар
12.03.2025
1553
Ұмтыл Зарыққан. Мінәжат (мини-поэма)
03.03.2025
1500
Ұларбек Дәлейұлы. "Жошы ханға" өзіндік ұстанымыммен келдім.
21.02.2025
1499
Камал Әлпейісова. Дүрбелең күнгі кездесу (әңгіме)
28.02.2025
1313
«Иірімге» бойлап көрсек...
27.02.2025
1258