Бауыржан Қарағызұлы
Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда Монғолияның Баян-Өлгий аймағы, Қызылқайың аулында дүниеге келген.
Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы.
Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. «Әлемге әйгілі Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықты иеленген. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты. «Табысты қазақстандық-2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.
2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегері.
«Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырақ демі» атты жыр-кітаптарының авторы.
Республикалық «Алаш үні» газетінде тілші, елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап патшалығы» журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде директор; «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» жетекшісі; «Мәдениет порталының» бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
