Қуандық Түменбай
Қуандық Түменбай. 1955 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, "Қызылту"колхозында (қазіргі Ыбырай Жақаев ауылы) туған. Қазақ Ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін,
Мәскеу Әдебиет институтын бітірген.
1977 жылдан бастап, зейнетке шыққанша баспасөз саласында жұмыс істеген. "Лениншіл жас" газетінде тілші, "Жұлдыз "журналында проза бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, "Алматы ақшамы" газеті Бас редакторының орынбасары, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, "Қазақстан" баспасының Бас редакторы, "Үркер" роман-газетінің Бас редакторы болып істеген. 1984 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, проза кеңесінің төрағасы.
Отыздан аса прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көрген. Шығармалары ағылшын, араб, орыс, қытай, түрік, неміс, кәріс, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Түркі дүниесіне қызметі үшін, Алаш Халықаралық сыйлықтарының, "Айбоз"Ұлттық сыйлығының лауреаты, Стокгольмде өткен прозашылар фестивальінің Бас номинанты.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті жазушысы.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4232
22.10.2026
1843
26.10.2026
1558
28.10.2026
1415
22.10.2026
1140
22.10.2026
854
27.10.2026
840
26.10.2026
763
27.10.2026
736
22.10.2026
692
28.10.2026
621
22.10.2026
432
28.10.2026
401
21.10.2026
4376
22.10.2026
4232
20.10.2026
3369
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2282
05.10.2026
2279
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2114
