Медет Дүйсенов
Маңғыстау ауданының Тұщықұдық орта мектебін 1966 жылы бітірген. 1983 жылы КазГУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы «Мұнайлы жаңалығы», газетінде қызмет атқарды. Одан кейін, Маңғыстау облыстық радио-телевизия хабарларын тарату орталығына қарасты мекемеде күні бүгінге дейін жұмыс жасап келеді.
Өзі батасын алған, халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының «Аманат» кітабына (1996ж.) оның өлеңдерін жинап тапсырушылардың бірі. Медетке кезінде қазақ әдебиетінің классик ақындарының бірі, халық ақыны Әбу Сәрсенбаев жолашар жазып, жыр жолында сәт-сапар тілеген
М.Дүйсеновтің көптеген жыр топтамалары «Балауса» (1978ж), «Аңсар (1986ж.), «Таушық – құт мекенім» (2002ж.), «Жыр-моншақ» (2003ж.), «Ақкетігім – арқауы ән-жырымның» (2006 ж.) т.с.с. ұжымдық кітаптарға енді. Оның творчестволық қадамы туралы «Уақыт және қаламгер» (1978 ж.), «Жастар, жастар туралы» (1981ж.) кітаптарында, мерзімдік басылым беттерінде жақсы тілек, оң пікірлер айтылды.
Ол – «Бастау» (1979 ж.), «Жанымның жапырақтары» (1988 ж.), «Ғашық жүрек» (2001 ж.), «Үдектің үнсіз мұнары» (2007 ж.), «Құлбарақ батыр» (2010 ж.) өлең кітаптарының және «Тұрардың биік тұғыры» (2007 ж.), «Парыз» (2009 ж), «Түпқараған толғауы» (2010 ж), «Дерт пен дауа» (2012 ж.) тәрізді деректі хикаяттар кітаптарының, сонымен қатар «Таушық жерінің көне тарихы» (2010 ж.) атты зерттеу еңбегінің авторы.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Ол, Қазақстан жазушыларының VII съезіне, 1983 жылы Жас ақын-жазушылардың республикалық кеңесіне қатысты.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1560
28.10.2026
1435
27.10.2026
845
26.10.2026
763
27.10.2026
737
28.10.2026
655
28.10.2026
404
24.10.2026
385
25.10.2026
384
28.10.2026
292
23.10.2026
255
25.10.2026
237
28.10.2026
229
23.10.2026
210
21.10.2026
4378
22.10.2026
4232
20.10.2026
3370
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2915
09.10.2026
2863
16.10.2026
2571
09.10.2026
2282
05.10.2026
2281
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1871
