Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Жұмәділ Маман

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Жұмәділ Маман 1941 жылы ҚХР ШҰАР Іле аймағының Күнес ауданында дүниеге келген. Ақын, жазушы, зерттеуші.
1959 жылы Шынжаң педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тәмәмдаған. Содан бастап «Іле жастар» журналы мен «Іле өрендері» газеті, «Іле газеті», «Іле айдыны» сияқты газет-журналдарда тілші, редактор, бас редактор бола жүріп, әдеби жасампаздықпен шұғылданған.
Ж. Маманның қазірге дейін оқырманына «Қарақат» (өлеңдер), «Ақылбай атайдың әңгімелері» (повесть), «Тау жалыны» (дастан-поэмалар), «Әке бауырындағы бала» (әңгіме-повесть), «Жұмәділ дастандары», «Тұнық дауыс» (өлең-поэма), «Әкпар-Сейіт» (роман), «Ән сыры – жан сыры» (ғылыми мақалалар жинағы), «Ашық есік алдында» (эсселер), «Айхан» (аударма әңгіме-повесть), «Жырақтан жеткен жыр дерек» (ғылыми мақалалар жинағы), «Көпірдегі көкжалдар», «Күмбезге түскен күншуақ» (хикаят-әңгімелер) кітаптары мен Қытайда жалғасты шығып жатқан
«Қазақтың әйгілі тарихи адамдары» атты үлкен тақырып астында «Әкпар батыр», «Әсет Найманбайұлы» қатарлы кітаптарын ұсынды.
Жұмәділ Маман соңғы жиырма жылға таяу ҚХР Іле қазақ автономиялы облыстық Әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы (бұл бірлестік Жазушылар одағы, Кино-телевизоршылар одағы, Композиторлар одағы, Бишілер одағы, Әсем өнершілер одағы сияқты, т.б. 9 творчестволық одақты басқарады), «Іле айдыны» (қазақ, қытай, ұйғыр тілдерінде шығатын әдеби журналдар) журнал мекемесінің бастығы, бас редакторы болып тұрғанда Қытай
мен Қазақстан ортасындағы әдебиет-мәдениет достастығының дәнекері болып үлкен роль атқарған.
Ж.Маман қазір ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология-журналистика ғылымы бойынша профессор, ҚХР
әдебиет-көркемөнеріне еңбегі сіңген үздік маман. Қытай Жазушылар одағының, Қытай аз ұлттар әдебиетін зерттеу қоғамының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шынжаң Таңжарықты зерттеу қоғамы төрағасының орынбасары.

Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Кісі болған жігіт
22.06.2022
1044
Марлен Ғилымхан. Адам өз тағдырымен оңаша қалады
22.06.2022
657
Төлеген Меллат. Алматы ғазалдары
25.06.2022
410
Байырғы мәдениет һәм кенже бала пайымы
26.06.2022
305
Қаламгердің ізі қағазда қалады
25.06.2022
296
Байырғы мәдениет һәм кенже бала пайымы
24.06.2022
203
Чеховтің «Бәсі»
27.06.2022
158
Өлара шақтың қос суреткері
31.05.2022
2530
Аштық тақырыбы - қазақ әдебиетінде
30.05.2022
1902
Торғынның «Сөз» әлемі
04.06.2022
1847
Өмір мен өлім арасындағы аллегория
03.06.2022
1673
«Ұйқым келмейді» қойылымынан түйген ой
30.05.2022
1637
Көкшетаудың көп көлі, елcіз қалар дейміcің...
06.06.2022
1575
Елордада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті
31.05.2022
1537
Оралхан Бөкей. Көк тайынша
03.06.2022
1534
МҮШӘЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
10.06.2022
1494
Серпілт сәурік сезімді, сілкі қағыс
09.06.2022
1409
Камал Әлпейісова. Ертегідегідей махаббат
16.06.2022
1304
Нәзір Төреқұлұлының Сәкенге сыны
01.06.2022
1229
Думан Омар. Арша (эссе)
07.06.2022
1181
Ерболаттың жыр кеңістігі
10.06.2022
1100