Анар Шамшадинова
Анар Амангелдіқызы Шамшадинова 1974 жылы Маңғыстау облысында туған.
1996-97 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика және шығыстану факультеттерін бітірген.
Анар өлеңді бала кезінен жаза бастаған. Студент шақтарынан бастап бірқатар жыр сайыстарына қатысып, жырсүйер қауымның назарына ілікті.
«Поэзия көктемі - 2000» студенттер байқауының жеңімпазы, «Шабыт-2003» халықаралық фестивалінде 3 орын иеленген. Сондай-ақ, 2000 жылғы «Қазақстаным - қара шаңырағым» атты республикалық радио мүшәйрасының жүлдегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың арнайы жүлдесін алған.
2001 жылы «Жазушы» баспасынан жас ақынның «Жанар» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Бірқатар жыр топтамалары «Жыр керуені», «Қыз ғұмыр», «Маңғыстау ақындарының антологиясы» атты ұжымдық жинақтарға енді. 2004 жылы «Информ-А баспасынан «Жоқсың сен», 2009 жылы «Жазушы» баспасынан «Кешірсең мені сен ғана» және 2010 жылы «Тамызда қайтып оралшы» атты өлең жинақтары жарық көрген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Анар Шамшадинова Ақтау қаласында тұрады, «Жанартау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Ақтау ақпарат» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1560
28.10.2026
1438
27.10.2026
845
26.10.2026
763
27.10.2026
737
28.10.2026
662
28.10.2026
404
24.10.2026
385
25.10.2026
384
28.10.2026
296
23.10.2026
255
25.10.2026
237
28.10.2026
231
23.10.2026
210
21.10.2026
4378
22.10.2026
4232
20.10.2026
3370
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2915
09.10.2026
2863
16.10.2026
2571
09.10.2026
2283
05.10.2026
2281
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1871
