Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ә
Әбілқайыр Спан

Әбілқайыр Спан

Әбілқайыр Бақытұлы Спан (1949 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1979). Еңбек жолын Өзенде мұнайшылықтан бастаған. Аудандық, облысық, республикалық газеттерде, теледидарда, Қазақпарат агенттігінде қызмет жасаған. «Маңғыстау» энциклопедиясы 1-басылымының алқа мүшесі және авторларының бірі. Көбіне өлкенің әдебиеті мен өнерінің тарихы тақырыбын көтерген, жүздеген саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін жаңғыртып, ақтауға ат салысқан қаламгер. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан 31 кітаптың авторы. Ә.Спан «Тамаша адамдар өмірі» үлгісімен «Маңғыстау мақтаныштары» сериясын бастап, «Аңшы Нұр», «Нұрлыхан Бекбосынов», «Қайролла Ережепов», т.б. 10 кітаптың авторы. Ол В.Д. Вольховскийдің өмірі мен қызметін зерттеу арқылы Пушкинтануға жаңалық қосты. Махамбеттің Маңғыстауға қатысты өмір деректерін зерттеді. Махамбет сыйлығының (2003) иегері. «Жыл адамы» (2003) аталды.

Көп оқылғандар