Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сәлима Қалқабаева

Сәлима Қалқабаева

Сәлима Қалқабаева Әбдіраманқызы – филология ғылымдарының докторы.  М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және Өнер институтында» әдебиет теориясы бөлімінде ғылыми қызметкер болып қызмет істеді. 
1998 жылы ҚазҰУ-дың филология факультетінің Қазақ тілі кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 
2OO3 ж. Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасына доценттік қызметке ауыстырылады. 
2OO6 жылдан Әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасында доцент қызметін атқаруда. 
С.Ә.Қалқабаеваның республикалық басылымдардан ғылыми еңбектері, оқу құралы, әдістемелік-оқу құралдары және ғылыми мақалалары жарық көрді. Соның ішінде «Ә.Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер» («Қазығұрт» баспасы, 2OO4, ) атты монографиясын, «Қазақ тілінде ресми-іс қағаздар үлгілерін оқыту» («Қазақ университеті»,1999), «Қазақша-жапонша тілдескіш»(«Қазақ университеті»,2OO2), «Қазақ тілі сабақтары» («Қазақ университеті», 2OO3), «Махаббат – мәңгі ертегі» атты әдеби жүздесу» оқу-әдістемелік, кәсіби-тәрбиелік құралдарын айтуға болады. Ғылыми мақалалар жинақтарына («Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» Алматы: 1993, «М.Әуезов және әлем әдебиеті» Алматы: 2OO5 т.б.), халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, методологиялық конференция материалдарына («Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері», «Қабдолов оқулары» т.б.) енген мақалалары да бірнеше. С.Қалқабаеваның ғылыми еңбектері мен әдістемелік-оқу құралдары оқу процесінде, мамандану пәндерінде қолданылып жүр.

Көп оқылғандар