Дархан Бейсенбекұлы
Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7-қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің «Машина жасаудың технологиясы» мамандығын үздік дипломға бітірген. Әңгімелері республикалық мерзімді баспасөз бетінде үздіксіз жарияланып келеді. «Тағдыр тақтасы», «Әулиеағаш жапырағындағы жас» кітаптарының авторы, «Жас толқын 1», «Кәусәр бұлақ», «Қарақат тере барғанда», «Жанартау» жинақтарына әңгімелері енген. Әңгімелері орыс тіліне аударылған.
2008 жылғы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері, 2009 жылғы «Жыл патриоты» конкурсының «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты, 2009 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Қазақ елі», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде тілші болған. «Ана тілі» газеті Бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі таңда республикалық «Алаш айнасы» газеті Бас редакторының орынбасары.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
12.11.2026
2116
15.11.2026
1754
17.11.2026
1504
17.11.2026
1254
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4778
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
