Мұратхан Шоқан
Мұратхан Шоқан – ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы “Жас қалам” бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры.
1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылында ағартушы отбасында дүниеге келген. 1994-1996 жылдары Шыңжаң университетінен қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1997-1998 жылдары туған ауылында мұғалім, 1998-2001 жылдары Толы аудандық мәдениет мекемесінде қызмет істеген. 2001 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға оралды. 2003-2009 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жас қазақ» газеті, «Жазушы» баспасында жұмыс істеді. 2013-2015 жылдары Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында, 2015-2018 жылдар аралығында Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясында «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жауапты қызметтер атқарды. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық кітапханасында қызмет етеді.
Еңбектері:
- «Жиырманың жалыны» (1994ж.);
- «Маған көктем сыйлашы» (2000ж.);
- «Жүрекке жүгіну» (2007ж.);
- «Тазалыққа ұмтылу» (2010ж.);
- «Түнгі лирика» (2016ж.),
- «Айды қонақ қылу» қатарлы жыр кітаптарының авторы.
- «Жаратылыснама» (2010ж.);
- «Бұзылған таразы болма» (2021ж.) қатарлы философиялық кітаптары жарық көрді.
- «Әлем бесік жырлары» атты ән альбомды қазақшаға аударды.
- «Тәуелсіздік жемісі» ( 2011);
- «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері»; ( 2012)
- «Қандастар үлесі»;
- «Үздік 30 ауыл» қатарлы анықтамалық фотоальбомдардың идеясының авторы әрі құрастырушысы.
- «Жастық – жалын жыр»,
- «Жүз өлең» қатарлы жастар поэзиясы антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды. Шығармалары өзбек, қырғыз, ұйғыр, қытай тілдеріне аударылды.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында авторлық әдеби, мәдени жобасын жүзеге асырып, өзі басқаратын «Тұлға-достық» қоғамдық қорының қаржыландыруымен Алматы қаласында «Поэзия аллеясын» салып, халықтың игілігіне ұсынды. «Поэзия аллеясына» ақынның «Жаратылыснама» атты философиялық кітабындағы халықты рухани кемелденуге шақыратын «Кемелденудің жеті шеңбері» сахна етіп салынды.
2021 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында «Үздік 30 ауыл» жобасын іске асырып, жоба аясында Қазақстанның 14 облысын аралап, әлеуметтік ахуалы, инфраструктурасы, өнеркәсібі мен ауылшаруашылық салалары алдыңғы қатарда дамыған Үздік ауылдарды анықтап, іріктелген ауылдарды «Үздік 30 ауыл» атты жинаққа енгізіп, бастырып шығарды. Кітаптың тұсаукесер рәсімін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында атқарып, анықтамалық жинақты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту етті.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды