Харун Токак
Түрік жазушысы, журналист Харун Токак - 1955 жылы Ушак ауданы Кырка ауылында дүниеге келген. “Йени шафак” (Yeni Şafak) газеті жазушысы, Жазушылар және журналистер қауымдастығының бұрынғы төрағасы.
1979 жылы Измир Докуз Эйлүл университетінің Измир Жоғары Ислам институтын бітіргеннен кейін Анадолының түрлі қалаларында мұғалім болған. Бұл жылдарда түрлі аудан газеттерінде белгілі бір салада мақалалар жазды. Кейбір жергілікті телевизияда бағдарламалар жасады және кейбір жергілікті газеттер мен телевизияның құрылуына мұрындық болды. Білім және көптеген салаларда қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдардың құрылуына да себепкер болды.
Харун Токак, Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі Білім беру басқармасында және Түркия Республикасының Үкіметінде кеңесші болып қызмет атқарған.
1997-2008 жылдар аралығында Жазушылар және журналистер қауымдастығының Төрағасы болды. Еуразия және түрік зиялыларының ғылым, білім саласын нығайту мақсатында айналысқан “Абант” және “Диалог Еуразия платформасының” сынды интеллектуалды ұйымдардың дүниеге келуіне мұрындық болды.
“Йени шафак Пазар” газетінде апталық әңгімелер жазған Харун Токактың, “Алда шапқан аттылар” (Önden Giden Atlılar), “Жолдағылар” (Yoldakiler), “Саңлақ сардарлар” (Işık Süvarileri), “Кімге аманат” (Kime Emanet), “Қыналы арғымақтар” (Kınalı kuheylanlar) сынды шығармалардың авторы.
Шығармалары орыс, қазақ, украин және әзірбайжан тілдеріне аударылған. Үйленген, үш баланың әкесі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2406
28.10.2026
2316
26.10.2026
1602
27.10.2026
1004
26.10.2026
831
27.10.2026
830
29.10.2026
711
29.10.2026
667
28.10.2026
571
28.10.2026
559
29.10.2026
448
28.10.2026
448
24.10.2026
407
25.10.2026
401
21.10.2026
4396
22.10.2026
4264
20.10.2026
3392
07.10.2026
3304
15.10.2026
3219
20.10.2026
2936
09.10.2026
2896
16.10.2026
2584
28.10.2026
2406
28.10.2026
2316
05.10.2026
2309
09.10.2026
2302
08.10.2026
2138
15.10.2026
2130
