Асылзат Арыстанбек
Асылзат Арыстанбек - 1978 жылы 26 ақпанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінен бастап өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып келеді. Алғаш рет Қызылорда қаласындағы Дарынды балалар мектеп-интернатында оқып жүргенде 16 жасында «Талаптың мініп тұлпарын» деген атпен шығармашылық кешін өткізген.
1996-2000 жылдар аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінде білім алған.
2000 жылы Бұланды ауданының мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық еткен. 2000-2001 жыл аралығында Бұланды аудандық әкімшілігінде іс жүргізуші-аудармашы қызметін атқарған. 2001-2005 жылдар аралығында Көкшетаудан шығатын «Бұқпа!» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында республикалық «Алаш үні» газетінде жауапты хатшы» 2006-2007 жылдар аралығында «Бұқпа!» газетінде Бас редактордың орынбасары. 2007 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласынан шығатын республикалық «Мырза» ер-азаматтар басылымында Бас редактордың орынбасары.
2006 жылы Көкшетау қаласында «Шын жүректен...» деп аталатын шығармашылық кеші өткен. Өлеңдері Зерде қоғамдық қоры шығарған ақын қыздардың жыр жинағы «Жыр десте» кітабына енген. «Бесінші маусым» атты жеке жыр жинағы жарық көрген.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1521
27.10.2026
865
28.10.2026
853
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
