Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Т
Тайжан Қалмағанбетов

Тайжан Қалмағанбетов

Тайжан Қалмағанбетов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Тайжан Қалмағанбетов - (1878–1938). Жезқазған облысының, Ұлытау ауданында туған. Үкілі Ыбырайдың (Сандыбайұлы) жиені, шәкірті. Арқаның Ақан сері, Біржан, Шәрке сал, Сегіз сері, Балуан Шолақ, Ыбырай тәрізді әнші-ақындардың репертуарын игеріп, өзі де ән шығарып айтуға дағдыланған. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысына үн қосқан. Жаңа құрылысқа, Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына өлең-жыр арнаған. 1926 жылы Шеген, 1930–1936 жж. Болман, Иманжан тәрізді ақындармен айтысқа түскен. А.В.Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 

1934–1936 жж. халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. «Тайжан әні», «Ыбырайға» тәрізді ән-термелері күйтабаққа түсірілді. Сыр бойын, Жетісуды аралап, Нартай, Орынбай, Қазанғап, Әлібек сияқты ақындарға кездесіп, ұстаздық еткен. Оның көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналда жарияланды.

«Ой ағысы» атты өлеңдер мен айтыстарының жинағы «Жазушы» баспасынан 1984 жылы шықты.

Көп оқылғандар