Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Е
Есдәулет Қандеков

Есдәулет Қандеков

Есдәулет Қандеков
Рейтинг:
Өмірбаяны
Есдәулет Қандеков (1887–1971) Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған. 

1916 жылы Жетісудағы Нұрғожаұлы Әли бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың жасақшы-жыршысы болған. Бостандыққа шақырған көптеген өлеңдері мен «1916 жыл», «Тауда» деген дастандарын осы тұста шығарған. Көтерілісті күшпен басқан, патша жандармдары қолға түскендерді қатаң жазалайды. Есдәулетті 20 жылға жер аударады. 

Кеңес дәуірінің тынысын арқау еткен «Заманың туды, кедейлер» (1928), т.б. өлең-жырларын шығарды. Ұлы Отан соғысы жылдары ұстазы Жамбылға үн қосып, «Жеңіс үшін», «Жауынгерлер», «Жылы киім береміз», «Ерлер естен шыға ма», «Күн бүгін» деген өлең-толғауларын жырлап, елді жеңіске шақырады. «Жетіген батыр», «Күреңбай батыр», «Шаян батыр», «Қос жұлдызды Жазылбек» дастандары бар. 

Ол Ү.Кәрібаев, К.Әзірбаев, Ж.Жантөбетов, Қ.Жапсарбаев, Ә.Жүргенбаев, Р.Мәзқожаев сияқты ақындармен айтысқа түскен. Ақынның шығармалары жергілікті баспасөзде, жинақтарда жарияланды. Өлеңдер жинағы 1964 жылы жеке кітап болып шықты. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Тұлпар тұяғы» атты өлеңдері мен дастандары, айтыстары жеке кітап болып шықты.

Көп оқылғандар