Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Т
Тұрлыхан Қасенұлы

Тұрлыхан Қасенұлы

Тұрлыхан Қасенұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны
Тұрлыхан Қасенұлы (1902–1942) Семей облысы, Қандығатай болысы (қазіргі Жарма ауданы), Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген. 

1920 жылы Семейде мұғалімдер даярлайтын курста, 1925 жылы педтехникумда оқыды. Мұғалім, Аягөз аудандық оқу бөлімінде инспектор (1928–1930) болған. 

1934 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесін басқарды. 

1935 жылы осында «Еңбек» деген атпен журнал шығара бастайды. Әдеби сындар, әңгімелер, «Нүкен», «Ерлер әңгімесі», «Радио сөзі», «Оспан комсомол» деген поэмалар, «Әріп ақын», «Әдебиет жұмысына атсалысайық» деген зерттеу мақалаларын жазған. Тұрлыхан орындап жүрген 13 ән нотаға түсіріліп, 1931 жылы Алматыда басылып шыққан «500 казахских песни» кітабына енген. Олар: «Ардақ», «Қайырма», «Түлкі тымақ», «Қарагөз-ау», т.б.

Көп оқылғандар