30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген.
1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.
«Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы.
«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.