Ербол Шаймерден
Ербол Шаймерден 1954 жылы 12 мамырда дүниеге келген. 1976 жылы Алматы қаласындағы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1989 жылы Целиноград Ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1976 жылы бастады. 1976 - 1979 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі, аға тілшісі. 1979 - 1982 жылдары - республикалық «Лениншіл жас» газетінің солтүстік облыстар бойынша тілшісі. 1982 - 1989 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») республикалық газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1989 - 1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің сектор меңгерушісі, консультанты, баспасөз орталығының жетекшісі. 1991 - 1996 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің баспасөз хатшысы. 1996 - 1997 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары. 1997 - 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары. 2001 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта Қазақ радиосының атқарушы директоры, «Қазақстанның радиосы мен теледидары» республикалық корпорациясы» ЖАҚ Төрағасының Кеңесшісі. 2003 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламенттік байланыстар, ақпараттар бөлімінің бас консультанты. 2005 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің директоры. 2008 жылы осы министрліктің Мәдениетті және тілдерді дамыту департаментінің директоры. 2008 - 2010 жылдары осы министрліктің Тіл комитетін басқарды. 2010 жылғы мамыр айынан 2012 жылғы 2 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі (2012 жылғы 20 қаңтардан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі) Ақпарат және мұрағат комитеті Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2012 жылғы 13 желтоқсанда 59 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
