Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Сара Латиева

Сара Латиева

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Сара Латиева - 1947 жылы 2 ақпанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Орда ауылында туған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік универсиетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын шұбартаулықтардың бастамасымен комсомолдық жолдама бойынша, Жәнібек ауданы, Талов совхозында қой шаруашылығынан бастаған. Аудандық «Октябрь туы» газетінде, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық радиосында корреспондент, республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ радиосында, ұлттық «Қазақстан» энциклопедиясында, «Ақ желкен» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Мен соғысты көргенім жоқ», «Бұлбұл», «Хадиша Бөкеева», «Төрелігін өздерің айтыңдар» (А.Балаковтан аударған) атты кітаптары жарық көрген.

Көп оқылғандар