Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Рейнольд Лейс

Рейнольд Лейс

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Рейнольд Лейс 1940 жылы Саратов облысы, Франск ауданы, Гссенбах селосында туған. Жетіжылдық мектепті бітіріп, ММКР-де жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы техникасының слесарь-жөндеушісі мамандығын алады. Осы мамандық бойынша бес жыл жұмыс істейді, арагідік жүкші және құрылыстарда жұмысшы болады. 

1958 жылы орта мектепті бітіреді де, комсомолдық жолдамамен Омск облысы, Пологаевко селосында неміс тілінің мұғалімі қызметіне жіберіледі. 

1962 жылы М.Горький атындағы Омбы педагогика институтының неміс тілі мен әдебиеті бөліміне түседі. Институтты бітірген соң бір жыл осы облыстың Новоалексеевка сегізжылдық мектебінде мұғалім болады. 

1967 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогика институтына ассистент болып орналасады. Неміс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Оның алғашқы өлеңдері 1963 жылы «Нойес Лебен» және «Роте Фанс» газеттерінде жарияланды. Содан бері баспасөз беттерінде өлеңдері үзбей жарияланып тұрды.

Көп оқылғандар