Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Надежда Лушникова

Надежда Лушникова

Надежда Лушникова
Рейтинг:
Өмірбаяны
Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында туған. Қазақ арасында тәрбиеленіп, қазақша оқып, білім алған. 

1961 жылы М.Мәметова атындағы педучилищені (Қызылорда), 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (қазақ бөлімін) бітірді. Өлеңді жазып та, суырып та шығарады. 

1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т.Дүйсебаев). Жамбыл аудандық (1965, 1978), Алматы облыстық (1977, 1979) айтыстарына қатысып, әріптестерін жеңді. 

1963–1985 жж. газетте әдеби қызметкер, баспа редакторы, мектепте мұғалім болған. 

1985 жылдан Жамбыл ауданындағы Ү.Кәрібаев мұражайының директоры. Алғашқы өлеңдері Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде 1958 жылы жарияланды. Өлең-жырларының жинағы екі дүркін жеке жинақ болып («Елім менің», 1962; «Көңіл хошы», 1970) басылды. Соңғы жинағы үшін Қазақстан комсомолының сыйлығы берілді.
Podcasts

Көп оқылғандар