Сапарғали Ләмбекұлы
Сапарғали Ләмбекұлы (1936-2010). 1936 жылы 5 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылында (қазіргі Талды ауданына қарайды) туған. Мектеп бітірген соң аудандық газет редакциясына қызметке тұрады. ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.
Еңбек ардагері, КСРО Баспасөз үздігі, Қазақстан Журналистер одағының Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері. Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Көптеген өлең, бірнеше поэма, прозалық және драмалық шығармалардың авторы.
Шығармалары: Қарқаралы саздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Қыр қырандары. Очерктер. А., «Жазушы», 1970; Тайталас. Роман. А., «Жазушы», 1980; Атакәсіп. Роман. А., «Жазушы», 1983; Саржайлау сазы. Повестер. А., «Жалын», 1984; Әке жолы. Роман. А., «Жазушы», 1984; Еділбай. А., «Жалын», 1986; Тәттімбет. Роман. А., «Өнер», 1993; Арыстар. Дилогия. Астана. «Елорда», 2000–2004; Тағдырмен тартыс. Ғұмырнамалық хикаят. Қарағанды. «Арко», 2001; Туған елдің түтіні. Публицистика. 2003; Сырперне. Өлеңдер жинағы. 2004; Қатты қабат. А., «Алаш», 2006; Алапай мен талапай. Роман. Астана. «Фолиант», 2008; Жоғалған шопан. Астана. «Фолиант», 2008.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
