Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Л
Леонид Макеев

Леонид Макеев

Леонид Макеев
Рейтинг:
Өмірбаяны
Леонид Макеев (1911–1993) 14 маусымда Петропавл қаласында туған. 

1931 жылдан журналистік қызметін бастаған. Петропавл газеті «Смычкода» әдеби қызметкер болған. 

1932 жылы жас жазушының алғашқы очерктер жинағы – «Поход за рабочую смекалку» шықты. 30-жылдары Петропавл, Алматы, Иваново облыстық газеттерінде істеді. Орталық «За индустриализацию» газетінің тілшісі, «Литературный Казахстан» альманахының жауапты хатшысы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда Панфилов атындағы 8-ші гвардия дивизиясының «За Родину» газетінің жауапты редакторы, әскерден оралғаннан кейін «Советский Казахстан» журналының бас редакторы, одан соң «Казахфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің аға редакторы қызметтерін атқарды. 

1936 жылы «В Акмолинских степях» деген атпен Қазақстандағы азамат соғысы ардагерлерінің естеліктерін өңдеп бастырды. 

1945 жылы панфиловшылар туралы «Имя Героя» атты әңгімелері мен очерктер кітабы жарық көрді. Ғ.Слановтың «Дальные просторы», Қ.Әбдіқадыровтың «Комсомолка Рыскуль», М.Иманжановтың «Первые месяцы» повестерін, С.Мұқанов, З.Иманбаев, М.Зұлпықаровтың кейбір туындыларын орысшаға тәржіма жасаған. «Дед Канбак», «Вольшебный кетмень», «Дальная дорога» (1977), Старик перекати поле. Мальенкий хитрец Тазша (1982). «Простой характер» (1983), «Растущая скала « (1984), т.б. кітаптары шыққан. Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Көп оқылғандар