Маман Жұмәділ
Маман Жұмәділ (1941-2012) 1941 жылы 17 қарашада ҚХР, Суар, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Суар педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін 1959 жылы бітіріп, «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» , «Іле» газеттерінің тілшісі, редакторы, аға редакторы болып қызмет атқарды.
1970 жылы «мәдени зор төңкеріс» тұсында 4 жыл еңбекпен түзетуде болған. 1974 жылдан бастап Іле облыстық Коммунистік Жастар одағы комитетінде үгіт бөлімінің меңгерушісі, «Іле айдыны» журналының бас редакторы, облыстық шығармашылық кеңсе меңгерушісі болды.
1985–2002 жж. Іле облыстық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің төрағасы, «Іле айдыны» (қазақ, ұйғыр, қытай тілдерінде шығатын) 3 әдеби журналдың Бас редакторы міндетін атқарған. ҚХР Жазушылар одағы, Фольклор қоғамының мүшесі. Қазір зейнеткер. «Пионерлерге» (өлең-мысалдар), «Тау жалыны», (дастан), «Қарақат» (өлең-толғаулар), «Акбар-Сейіт» (роман), «Ақылбай атайдың әңгімелері» (повесть), «Әке бауырындағы бала» (әңгіме-повестер), «Қарқара шоқысы» (әңгіме- лер), «Тұнық дауыс» (өлең-поэмалар), «Жұмәділ дастандары» (дастандар), «Ән сыры – жан сыры» (ғылыми мақалалар), «Айхан» (аударма, әңгіме-повестер), «Күмбезге түскен күншуақ» (повесть-хикаят), «Ашық есік алдында» (эсселер), «Адамның бұлбұлы – Әсет» (тарихи ғұмырнама) кітаптары жарық көрген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
