Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Абай Мауқарұлы
Абай Хамза (Абай Мауқарұлы) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Аңсар» ғылыми-танымдық көпшілік журналы бас редакторының орынбасары 1956 жылы 8 маусымда Монғолиядағы Баянөлгей аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келген. Дәрігерлік мамандығымен қатар, жазушылықпен айналысып, «Тасқын» («Өлгей», 1984) деген аударма кітабын бастырған және сондағы «Шұғыла» әдеби журналы мен «Жаңа өмір» газетінде біршама әңгімелері мен публицистикалық мақалалары жарияланған.
1991 жылы атажұрты – Қазақстанға көшіп келген соң, еларалық «Шалқар» газетінде тілші, «Ана тілі» апталығында бөлім меңгерушісі, «Қазақ елі» газетінде бөлім редакторы, еларалық «Көш» газетінің алғашқы редакторы болып қызмет атқарған. Қазір «Нұр-Мүбәрәк» баспасында редакторлық қызметте. Осы мерзімдік басылымдарда шеттегі қазақтар өмірінен «Жүз жылғы көші-қон» атты Монғолиядағы қазақтар туралы тарихи-эссесі, «Ұлт қамы, сонсоң қарын», «О қазақ пен бұ қазақ», «Жылқы мінез қазақтың жерсінбеген жері бар», «Аймақтың шаңырағын көтеріскен», «Дәстүр үшін жан пида» сынды көптеген ой-толғаулары жарияланған. Түрік-монғолдың көне әдеби мұрасы «Алтын шежірені» («Өнер», 1998) қазақшаға тәржімалап, жеке кітап етіп бастырды.
«Көш–керуен» (Алматы, 1997), «Парасат падишасы» («Атамұра», 1998), «Ата салтыңды аяла» («Ана тілі», 1998), «Қазақ диаспорасының ана тілі мәселелері» (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, 2000), «Алғашқы ұстаз» (Алматы, 2000) атты жинақтарға жекелеген туындылары енген. Тибет халқының ғибратнамалық кітабы «Субашид» («Аударма» баспасы, 2004) кітабы жарық көрген. «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналына, «Әсем-ай», «Жұлдыз» журналдарында ғибратнамалық әңгімелері жарық көріп келеді. «Нұр-Мүбәрәк» баспасынан балаларға арналған «Он екі маржан», «Сахаба жұлдыздары», «Он екі пайғамбар» кітапшалары шыққан. «Құбыланама» діни эсселер (2009) кітабы жарық көрген.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
858
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
850
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
777
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
698
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
605
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
479
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
337
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
306
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7957
Қос шынар
25.11.2024
1942
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1678
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1622
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1390
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1350
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1300
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1120
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1112
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
1043
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
991
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
951
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
857