Орынкүл Тәжиева
Орынкүл Тәжиева – (1943 – 2016) 1943 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш (бұрынғы Келес) ауданы Абай ауылында туған. 1963 жылы Шымкент қаласын- дағы медициналық училищені бітіріп, аудандық ауруханада дәрі- гер болып қызмет атқарды. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік универ- ситетінің журналистика факультетін бітіріп шығысымен, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып істеген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, одан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы No3 балабақша меңгерушісі болып істеген.
Туған жері Келес өңірінде ХІХ ғасырда өмір сүрген ет жемес Ешан ата туралы көптеген зерттеу еңбектер жүргізіп, ол кісі туралы деректі шығарма жазылуына мұрындық болды.
Шығармалары: Жетім қыз. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Қара қолғап. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; Менің ауылымның адамдары. Очерктер. «Қайнар»; А., 1972; Алтын жазулы алқа. Әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Шоқ жұлдызды Домалақ ана. Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1991; Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы. Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1993. «Шыдағанға шығарған» әңгімелер жинағы, 2017.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
