Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Морис Симашко

Морис Симашко

Морис Симашко
Рейтинг:
Өмірбаяны
Морис Симашко (1924–2000) 18 наурызда Одесса қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Одесса педагогикалық институтын және Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін сырттай оқып бітірген. Әуелі педагог, содан кейін республикалық және орталық газеттердің Орта Азиядағы тілшісі, «Жазушы» баспасы орыс редакциясының меңгерушісі болған, Жазушылар одағының аппаратында қызмет жасаған. 

1948–1950 және 1957 жылдары «Қиыр оңтүстікте» және «Дала комиссары» (Ә.Әлімжановпен бірге) пьесалары қойылды. «Қарақұмда» (1958), «Фрагидің арбауы» (1960), «Қажы Һаям», «Емшон» атты тарихи повестері, «Маздақ» (1968), «Комиссар Жангелдин» (1978), «Қоңырау» (1982), «Семирамида» (198) тарихи романдары жарық көрді. Сценарийлері бойынша «Дашкаладағы оқиға» (1964), «Қарақұмда» (1965), «Бейбарыс» (1989), «Гу-га» (1989) кинофильмдері түсірілді. Қазақстан Жазушылар одағының лауреаты. 1986 жылы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романының аудармасы үшін Қазақ КСР-нің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. «Германияны жеңгені үшін», «Жеңістің XX жылдығы» медальдарымен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы. 

Шығармалары: Повести черных песков. Ашх., Туркмениздат, 1960; Хроника царя Кавада. А., «Жазушы», 1964; Повести красных песков. А., «Жазушы», 1966; Маздақ. А., «Жазушы», 1968; Комисар Джангильдин. А.,»Жазушы», 1978; Искупление дабира. М., «СП», 1979; Колокол. Роман. А., «Жазушы», 1982; Избранные. А., «Жазушы», 1983; Избранные. М., «СП», 1984; Семрамида. Роман. А., 1988.

Көп оқылғандар