Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Л
Лаврентий Сон

Лаврентий Сон

Лаврентий Сон
Рейтинг:
Өмірбаяны
Лаврентий Сон 1941 жылы 2 ақпанда Алматы облысы, Қаратал ауданында туған. 1958 жылы Нүкіс қаласындағы (Қарақалпақстан) орта мектепті, одан кейін Екатеринбургте (Ресей) А.С.Попов атындағы радио-техникалық техникумды, 1963 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. Еңбек жолын Барнаул радиозауытында бастап, кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика институтында жалғастырған ол 1967 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясында сценарист, көркем фильмдер қоғамында режиссер болып қызмет атқарған. Оның сценарийі бойынша «Ерекше күн», «Отбасы альбомы», «Таңдау», «Тұз», «Серіккүлдің күні мен сағаты» секілді тоғыз фильм қойылған. 

Театр саласында «Көктемгі жел», «Туған күн», «Зерде», «Ашуға булығып өлу», «Ауыл ақымақтарының үйленуі», «Үштөбеден келген адам», т.б. пьесалары бар. 1989 жылы жазушылардың, ғалымдар мен кинематографистердің өзі ұйымдастырған «Сен және мен» атты шығармашылық бірлестігінің көркемдік жетекшісі, сценарийлер авторы және режиссері ретінде кешегі кеңестік (кейін ТМД) кеңістіктегі саны аз халықтар туралы бірнеше деректі фильмдер түсірген. 

1991 жылдан бастап «Сонг синема» жеке меншік кинофирмасы болып қайта құрылған бұл студия деректі этнографиялық фильмдердің халықаралық кинофестивальдарында әлденеше дүркін жүлдегер атанған. 2001 жылы ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді.

Көп оқылғандар