Жақсылық Сәтібеков (Ж. Әйтеков)
Жақсылық Сәтібеков (Ж. Әйтеков) (1937-2011) 1937 жылы 24 маусымда Жамбыл облысы, Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданы, Теспе ауылында туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облыстық радио комитетінде бастап, Қазақстан республикалық радио және телевизия жөніндегі комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеген. Қазір зейнеткер. Жеті томнан тұратын «Боздақтар» атты зерде кітабының Бас редакторы.
Алғашқы өлеңі 1957 жылы Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарияланды. 1961 жылы бір топ өлеңдері «Жырға сапар» атты республикалық жас ақындарының жинағына енді. 1962 жылы қызылшашы С.Оңғарбаева жайлы хикаясы жарық көрді. Сол жылы Жамбыл облыстық театрында режиссер Мен Дон-Укпен бірлесіп жазған «Елдің гүлі» пьесасы қойылды.
«Таңсәріде», «Сырлы қайың», «Даладағы дастан», «Фосфорлы қала», «Мойынқұм көктемі», «Бозқараған», «Әнші дала», «Айырөткел» атты жыр жинақтары «Бә-мү-жә» атты балаларға арналған кітапшасы, «Асқаровтың соты» хикаясы, «Ғибрат» атты прозалық кітабы жарық көрген. Осы кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
