Сағадат Сәлімбаев
Сағадат Сәлімбаев 1935 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Талғар қаласындағы ауыл және орман шаруашылығы техникумын, 1965 жылы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетін бітірген. Туған жері Ақбастау ауылында орналасқан мал бордақылау трактор бригадасы бригадирінің көмекшісі, бригадирі, механик, Қаскелең ауданындағы «Дружба» кеңшары машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі, Чапаев атындағы кеңшардың бас инженері, Есік қаласында жеңіл машина жөндеу мекемесінің, тігін фабрикасының бастығы болған.
1993 жылы алғашқы «Араша» атты хикаятына он екі әңгімесі қосылып, «Жазушы» баспасынан жинақ болып шыққан. «Арпалыс» (1997), «Батырлар ұрпағы» (1998), «Дара тұлға Дәркембай» (1999), «Ұстаздар тебіренісі» (2001), «Жағаластар жарасымы» (2002), «Қарт қадірі неде?» (2003), «Қайдан келіп, қайда барамыз?» (2004), «Қапшағай қаласына – 35 жыл» (2005), «Сәттілік пен сәтсіздік» (2007) атты кітаптары жарық көрген.
«Жеңіске 60 жыл», «Украинаны азат еткені үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» медальдарымен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
