Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мұрат Сұлтанбеков

Мұрат Сұлтанбеков

Мұрат Сұлтанбеков
Рейтинг:
Өмірбаяны
Мұрат Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында туған. 

1960 жылы Семей институтының филология факультетін тамамдаған. 1962 жылы Н.Крупская атындағы Москва облыстық пединститутының аспирантурасында оқыған. 

Әр жылдарда Семей қаласындағы №3 мектепте мұғалім, облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, Абай музейінде ғылыми қызметкер, Семей педагогикалық институтында аға оқытушы, Талдықорған Мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында аға оқытушы, облыстық білім басқармасында инспектор, Семей облыстық әкімшілігінде аудармашы, республикалық «Абай» журналында аға ғылыми қызметкер болып қызмет істеген.

Мерзімді баспасөзде шығармалары жиі жарияланып тұрады. 1971 жылы филология ғылымының кандидаты дәрежесін алған. Ақынның «Новые стихи», «Иртышский остров», «Акылбай Кунанбаев. Дагестан», «Всю жизнь с Абаем», «Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим и Мухтар», «Шакарим. Казах в зеркальном отражении» сияқты жыр жинақтары мен аударма кітаптары жарық көрген. 

2003 жылы Семейдің облыстық Абай атындағы сазды-драмалық театры «Жұлдызды аспан» – «Звездное небо» атты пьесасын қазақ және орыс тілдерінде сахнаға шығарған. Көптеген Құрмет грамоталармен, Халықаралық «Аттила» (2003) медалімен марапатталған.

Көп оқылғандар