Рымқұл Сүлейменов
Рымқұл Сүлейменов (1939–2008) 7 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында (қазіргі Жоғары Қайрақты кенті) дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, екі жылдай геологиялық-барлау партиясында бұрғышы, аудандық мәдениет үйінде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырушы болып еңбек етеді. Қарағандыдағы № 4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Журналистік жолын 1957 жылы Шет аудандық «Ильич туы» газетінде бастаған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбектері» газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы», «Агадырская новь» газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газеті редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі (бұл кезде республикалық «Ара» журналының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарған), жауапты хатшысы, бас редакторы, тәуелсіз «Компас» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған.
Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан коммунисі» журналдарында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген.
Шығармалары: Көңіл шұғыласы. Хикаят және әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Ар алдында. Очерктер. А., 1985; Алашым – аңсарым. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1991; Сағыныш. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1993.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
