Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сәлкен Субханбердин

Сәлкен Субханбердин

Сәлкен Субханбердин
Рейтинг:
Өмірбаяны
Сәлкен Субханбердин (1914–1986) 4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған. 

1993 жылы Семей қаласында Қазақстан өлкелік фармацевтика техникумын бітіріп, сол техникумда әуелі оқу бөлімінің меңгерушісі, 1935–1938 жж. директор, 1938–1944 жж. Алматыдағы №1 дәріханасының меңгерушісі, содан соң республикалық дәріханалар басқармасының бастығы болып істейді.
 
1941–1945 жж. Алматы және Талдықорған облыстарының Сарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында атқару комитетінің төрағасы, 1945–1948 жж. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің коллегия мүшесі боп тағайындалды. 1950 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының фармацевтика кафедрасын басқарды. Дәрі-дәрмек тақырыбына көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазды. Сонымен бірге драмалық шығарма жазумен шұғылданды.

Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған. 
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген фармацевті», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілген.

Шығармалары: Дәрі – дертке дауа, жанға шипа. А., «Қазақстан», 1965; Шопанның қойын кітабы. А., «Қайнар», 1966; Өсімдік – дәрі-дәрмек қоймасы. А., «Қайнар», 1968; Денсаулығыңды ойласаң… (М.Әлімбаевпен бірге.) Мақал-мәтелдер. Нақылдар. А., «Қазақстан», 1974; Шындық. Пьесалар. А., «Жалын», 1977.

Көп оқылғандар