Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
В
Василий Скоробогатов

Василий Скоробогатов

Василий Скоробогатов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Василий Скоробогатов 1921 жылы 14 сәуірде Ақтөбе облысы, Александровка селосында туған. 

1939 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, мектепте мұғалім, аудандық газетте жауапты хатшы болып істеді. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1955 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика факультетін бітіріп, облыстық «Актюбинская правда», «Ленинское знамя» (Петропавловск), республикалық «Казахстанская правда» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1968–1985 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.

Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі рет «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы орденімен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілген.

Шығармалары: И полк назвали Берлинским. Документальная повесть. А., «Қазақстан», 1970; Главный экзамен. Документальная повесть. А., «Қазақстан», 1972; Нимба. Повесть-быль. А., «Жазушы», 1978; Секрет Сталинграда. Роман. А., «Жазушы», 1982.

Көп оқылғандар