Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Л
Леонид Скалковский

Леонид Скалковский

Леонид Скалковский
Рейтинг:
Өмірбаяны
Леонид Скалковский 1924 жылы 24 маусымда Ресейдегі Алтай өлкесі, Каменск ауданы, Новоярка селосында туған. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген соң, «Казахстанская правда» газеті редакциясында әдеби қызметкер, содан соң Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Простор» журналында поэзия бөлімінің редакторы, «Қазақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, республикалық радио хабарының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болған.

Көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударған.
«Александр Невский» орденімен, «Берлинді алғаш алу», «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», т.б. медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Всегда в строю. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1953; Огни в горах. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1958; Меридианы сходятся. Стихи. А., «Жазушы», 1965; Эдельвейс. Стихи. А., «Жазушы», 1973; Вызываю огонь на себя. Стихи. А., «Жазушы», 1979; Раздумья. Стихи. А., «Жазушы», 1984; К себе прислушаться. А., «Жазушы», 1988; Венера – наш третий дом. «Эдельвейс, 1997.

Көп оқылғандар