Лұқпан Сисекенұлы
Лұқпан Сисекенұлы 1947 жылы 11 қыркүйекте Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Жамбыл технологиялық институтын тамамдады. 1973–1974 жж. Атырау облысы Жылой аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1974–1987 жж. Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі, бөлімше бастығы сияқты қызметтерді атқарған.
«Тіршілік толқыны» (1974), «Атырау айдыны» (1982), «Жылой қаламгерлері» (2005) атты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. «Теңіз» (1994), «Ақ бесігім – кең Жылой» (1995), «Адамзат, Жер-Анаңа табын енді», (1995), «Иә, Бекет» (2000), «Кең Жылойдың Иманқарасы» (2000), «Кең Жылойым әулиелер мекені» (2002), «Лұқпан» (2002), «Мәдинада Мұхаммед» (2004), «Түркістанда Қожа-Ахмед» (2005), «Маңғыстауда – Пір Бекет» (2005), «Мәңгілік рух – Махамбет» (2005), «Төремұрат батыр ата бастауы және замандастары» (2005), «Өнегемен өрілген ғибратты ғұмыр» (2006), «Құдіретке тағзым» (2006), «Әулие батыр Байбақты ата» (2007), «Сүйе біл Отан анаңды» (2007), «Қызым менің» (2007), «Жапырағы жайылған кең Жылойым» (2008), «Мұнай тапқан Бешім ата» (2008), «Ағып түскен қос жұлдыз» (2008), «Жүректе мәңгі есімің» (2008) атты поэзиялық және прозалық кітаптары жарық көрген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
