ҒаббасТоғжанов
Ғаббас Тоғжанов (1900–1937) Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған.
Омбы гимназиясында оқыды (1915–1917). «Бірлік», «Жас азамат» атты қазақ жастар ұйымдарының жұмыстарына араласты.
1919 жылы РКЖО-ның Сібір бюросы жанындағы қазақ-татар секциясының хатшысы, «Еңбекшіл жастар» газетінің редакторы қызметін атқарды.
1920–1922 жж. Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, бөлім бастығы, алқа мүшесі болды.
1922 жылы Орта Азия университетіне оқуға түсті әрі «Жас қайрат» (кейінгі «Лениншіл жас») газеті жауапты редакторының орынбасары қызметін атқарды.
1923–1924 жж. Мәскеудегі В.Г.Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтында оқып жүріп, Орталық «Күншығыс» баспасы қазақ секциясының хатшысы болды.
1924–1926 жж. РК (б)П ОК баспасөз бөлімінде нұсқаушы болды. 1926 жылы Қазақстанға шақырылып, Өлкелік партия комитетінде баспасөз бөлімінің меңгерушісі (1926–1928), «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы (1926–1932), Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1935–1936), ҚазКСР Халкомсовы жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығының бірінші орынбасары, кейін бастығы (1936–1937) қызметтерін атқарды.
«Екі жастың әңгімесі», «Қазақ кедейіне егіндік пен шабындық жерді бөлуден түсер пайда», «Қазақ ауылы туралы» (І.Жансүгіровпен бірге, 1932), «Абай» (1935), т.б. еңбектердің авторы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
