Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мейірхан Ақдәулетов

Мейірхан Ақдәулетов

Мейірхан Ақдәулетов  1950 жылы 10 мамырда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Темірастау ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Қарабұтақ аудандық газетінде, кейін «Пионер», «Арай–Заря» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс жасаған. «Алтын Орда» газетінің Бас редакторы болды. Бүгінде «ШамшырақАқтөбе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр» т.б. жыр жинақтары жарық көрген. «Жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінажат» кітаптарының авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы 2002 жылғы терең шығармашылық ізденісі, көкейкесті шығармалары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің публицистерге арналған грантының иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Көп оқылғандар