Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Т
Төлешев Сейділда

Төлешев Сейділда

Төлешев Сейділда
Рейтинг:
Өмірбаяны
Төлешев Сейділда (1906–1955)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 

Журналистік қызметі 1931 жылдан басталды. Аудандық газеттің редакторы болды, содан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясына ауысты. Екі жыл Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Коммунист» журналының редакторы болды. Журналистік еңбегін ұзақ жылдар бойы педагогикалық қызметпен ұштастырды. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде арнаулы курстар мен семинар жүргізді. Фельетондарын С.Шынаров деген бүркеншік атпен жариялап тұрды. Әдеби сын саласында да еңбек етті.
Шығармасы: Мұндайлар да болады. Фельетондар. А., ҚМКӘБ, 1957.

Көп оқылғандар